Ресейдегі әрбір оныншы сауда орталығы «қызыл аймақта» тұр

252
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/3j7EQRC8H06tZieJeH1ZL041hfvEacvuxapsRjTH.jpg

Ресейдегі сауда орталықтарының шамамен 7–10 пайызы банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы «РИА Недвижимость» агенттігіне Сауда жылжымайтын мүлкі және ритейл сарапшылары қауымдастығының тең төрағасы Павел Люлин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сауда орталықтарының шамамен жартысы несие алған. Несие жүктемесінен бөлек, олар өз нысандарын күтіп-ұстауға да қаражат жұмсауы керек. Менің ойымша, олардың шамамен 7–10 пайызы қиын жағдайға тап болудың алдында тұр. Олар «қызыл аймақта» орналасқан және банкротқа ұшырауы мүмкін. Бұл шамамен 2 мыңды құрайтын сапалы сауда орталықтарына қатысты», – деді ол.

Павел Люлиннің болжамынша, қаржылық қиындыққа тап болған сауда орталықтары бірден банкротқа ұшырамайды. Өйткені олардың экономикалық жағдайын жалға алушылармен жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттар қолдап отыр. Мұндай келісімдер, әдетте, бес-жеті жылға жасалады. Алайда келісімшарттардың мерзімі аяқталып, бос тұрған сауда алаңдарының үлесі 50 пайызға жеткен кезде дағдарыс басталуы мүмкін.

Бұған дейін АТЭР сарапшысы Алена Овчинникова Ресейде фуд-корттардың жаппай жабыла бастағанын айтқан еді. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жабылған мұндай нысандардың саны жаңадан ашылғандардан үш есе көп болған.

Дегенмен, олардың кейбірі фуд-холлдарға айналдырылған. Яғни, бірыңғай дизайны мен безендірілуі, ортақ тұжырымдамасы және іс-шаралар өткізуге арналған алаңы бар кеңістіктерге өзгертілген.

댓글
기타 기사