Кәрім Мәсімов Қытай вице-президентімен кездесті

2346
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/04/karim.jpg

8 сәуірде Пекинде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов Қытай вице-президенті Ван Цишаньмен кездесті. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасына сілтеме жасап, Reuters ақпарат агенттігі хабарлады.

Екі тарап "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзеге асыру жолдарын талқылаған. Ван Цишаньнің айтуынша, Қытай президенті Си Цзиньпин мен Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық жұмыстарының арқасында екі тарап тығыз байланыс орнатып, "Бір белдеу – бір жол" жобасын бірге жүзеге асыруда жоғары жетістіктерге жетті. Ван Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "Қытай халқының досы" деді. Қытай вице-президентінің пайымдауынша, екі елдің стратегиялық байланыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, екі халықтың дамуына септігін тигізеді. Кәрім Мәсімов екі елді стратегиялық серіктес деп атады. Оның сөзінше, Қытаймен байланысты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаттарының бірі. Мәсімовтің айтуынша, Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін "Бір белдеу – бір жол" жобасын жүзуге асыруға дайын.
댓글
기타 기사