Алматы облысында өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қаза тапты

3022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/3330cbd7-ff43-4ae4-914a-5ae4633ea960.jpg

Алматы облысы, Қарасай ауданында өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

25 желтоқсан күні сағат 16:56-да Алматы қаласы ТЖД мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің экипаждары Көкөзек ауылының Қарасай ауданындағы өртті сөндіруге шықты. Қызметтік борышын атқару кезінде, екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты. «Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Білікті, өз ісінің кәсіби маманы ретінде оның естелігі біздің жүрегімізде мәңгілік сақталады», - деп хабарлады ведомстводан.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사