Үш адам қаза тапты. Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды

3028
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/d320e4ba-46bf-4d61-ba5f-6c35455e5dbf.jpeg
Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. “Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E көлігінде болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – делінген хабарламада.
댓글
기타 기사