Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E маркалы көліктің жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
“Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E көлігінде болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды”, – делінген хабарламада.
Новости по теме
«Таза Қазақстан»: в Жетісу более 32 тысяч выпускников школ подарили родному краю тысячи саженцев деревьев и цветов
