Өскеменде 17 жастағы бойжеткен суицид жасады

1339
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/suiczid-960x500.jpg?token=dfb606d7c42102ab5011b6372ee49bf2

Өскемен қаласында 17 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жасөспірім суицид жасар алдында жазба қалдырған.

«Марқұм толық емес отбасынан шыққан. Алдын ала дерек бойынша оның суицидке баруына жауапсыз махаббат себеп болған», - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, елімізде  жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері көбейіп кетті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 22 адам суицид жасамақ болған.

댓글
기타 기사