Бірнеше қалада 31 мамырдағы бейбіт шеруге рұқсат берілмеді

1898
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-38-960x500.jpg?token=34484b67ae7f53dd2be201f86f07b4a2

Қазақстанның бірнеше қаласында жергілікті әкімдіктер белсенділерге 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

Азаматтық белсенділер Астана, Шымкент, Павлодар, Петропавл және Өскемен қалаларында таңғы уақытта шеру ұйымдастырмақ болған. Алайда, әкімдіктер олардың өтініштерін қабылдамай, бас тартқан.

Мысалы, Петропавл қаласы әкімдігі жергілікті белсендінің хабарламасына былай жауап берген:

«Белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілген бейбіт жиналыстарды ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Бұл бапқа сәйкес, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған».

Әкімдіктер бейбіт жиынға рұқсат бермеудің себебін әртүрлі факторлармен түсіндірген. Олардың ішінде: толық емес ақпарат ұсыну, жиын регламентінің болмауы, жоспарланған басқа іс-шаралардың өтуі, жиналыс орнының талаптарға сай келмеуі және абаттандыру жұмыстарының жүруі бар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1997 жылдан бері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген.

댓글
기타 기사