Стамбул келіссөзінен кейін. Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлеспек

952
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/7feeb69a-487b-4e78-aad7-86ea9f86b2bf-960x500.jpeg?token=772dc930aff8e86b85d8b51c7749edd0

Дмитрий Песков Владимир Путиннің дүйсенбі күні Ақ үй басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сағат 17:00-де Трамппен телефон арқылы әңгіме өтеді. Бұл туралы Трамп бұған дейін хабарлаған болатын. Әрине, бұл Стамбулдағы келіссөздерді ескере отырып, маңызды әңгіме болады», — деді Песков.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Стамбулда шамамен екі сағатқа созылған келіссөз өтті. Ресей делегациясын басқаратын президенттің көмекшісі Владимир Мединский Украинамен тұтқындарды ауқымды айырбастау туралы бастама көтерілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев болашақта атысты тоқтату мүмкіндіктеріне қатысты өз көзқарастарын ұсынуға келіскен.

댓글
기타 기사