27 мамыр түнде Алматы облысының Іле ауданында болған жол апатынан үш бала қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түнгі сағат үштен кейін жасөспірімдердің бірі көлікті ата-анасының рұқсатынсыз мініп кеткен. Таңғы беске қарай көлік апатқа ұшыраған.
2008 және 2009 жылы туған екі бала оқиға орнында көз жұмған. Тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Алайда олардың бірі жарты сағаттан кейін қайтыс болған.
"Жол апатына түскен төртінші бала қазір жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Оның өмірі медициналық аппараттардың көмегімен ғана сақталып тұр, – деп хабарлады аудандық орталық аурухана.