Тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер жауапқа тартылды

2095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_9713-960x500.jpeg?token=af2e178e61412e346a8b0e4bd53cc18d

Ақтау қаласында тегін балмұздақ таратқан «Abu Baby» балалар киім дүкенінің иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, акция рұқсатсыз ұйымдастырылған.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтау қаласындағы 29-шағынауданда «Abu Baby» балалар киім дүкені азық-түлік пен сыйлықтарды тегін тарату бойынша іс-шара ұйымдастырды. Алайда бұл акция алдын ала ескертілмеген және жергілікті атқарушы органдармен келіспестен өткізілген. Нәтижесінде көптеген адам жиналып, қоғамдық тәртіп бұзылып, қала тұрғындары арасында шиеленіс туындады», - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Осыған байланысты кәсіп иесіне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Еске сала кетейік, азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.

댓글
기타 기사