Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің екінші раунды өтті

1927
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/503389203_1118060233699912_3850102580979797330_n-960x500.jpg?token=2fe4d848704179754524b2a8828734b1

Түркия астанасында Ресей мен Украина делегацияларының қатысуымен бейбіт келіссөздердің екінші раунды өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Келіссөз шамамен бір сағатқа созылды. Бұл – соңғы екі апта ішіндегі екінші тікелей кездесу.

Украина тарапы бейбітшілікке қол жеткізу үшін қажетті қадамдарға баруға дайын екенін мәлімдеді. Ал Ресей өз шарттары көрсетілген "меморандум" ұсынатынын хабарлады. Алайда келіссөздер түнгі шекара маңындағы қарқынды атыстардан кейін басталған болатын.

Украина президенті Владимир Зеленский Вильнюсте өткен баспасөз мәслихатында тараптардың реттеу мәселелері бойынша құжаттармен алмастырғанын және тұтқындарды босатудың жаңа кезеңіне дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Түркия сыртқы істер министрлігінің дерегі бойынша, делегациялар Ыстамбұлдан ұшып кетеді.

댓글
기타 기사