Лавровтың маңдайына тиген соққы. Өзбекстан сынға жауап берді

3227
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_2812-960x500.jpeg?token=ae44fc8888f50d6a4b94d92d12070768
Өзбекстан Ресей министрінің Еуропалық одақ саясатын сынағанынан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Өзбекстан президентінің сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Камиловтың айтуынша, бүгінде Орталық Азия аймағы халықаралық қауымдастық алдында дербес әрі біртұтас субъект ретінде танылып отыр. Оның сөзінше, “Орталық Азия +” форматындағы халықаралық әріптестік алаңдарының саны оннан асып кеткен. Соның бірі – жуырда Самарқанда өткен “Еуропалық одақ + Орталық Азия” саммиті. Саммит қорытындысы бойынша стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылданған. “Біздің саясат – прагматикалық. ЕО-да 28 мемлекет, жалпы ішкі өнімі 19 трлн доллардан асады. Мұндай мүмкіндікті пайдалану – біз үшін де тиімді. Сондықтан бұл біреуге ұнай ма, ұнамай ма – біз бәрібір ынтымақтастықты жалғастырамыз”, – деді Камилов. Бұл мәлімдеме Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ЕО саясатын сынағанынан кейін жасалды. Өзбекстанның өкілі Орталық Азияны өзара татулық пен тату көршілік арқылы дамып жатқан өңір ретінде сипаттап, басқа аймақтарға үлгі бола алатынын айтты. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің де БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында осы идеяны көтергенін еске салды. Айта кетейік, 4 сәуір күні Самарқанда алғаш рет “Орталық Азия – ЕО” саммиті өтті. Онда тараптар стратегиялық әріптестікке көшуге келісім жасасқан. Еуропалық комиссия төрт басым бағытқа, соның ішінде Транскаспий көлік дәлізін дамытуға 10 млрд еуро бағыттауды қоса алғанда, барлығы 12 млрд еуро көлемінде қаржылай көмек көрсететінін мәлімдеді. Арада екі апта өткенде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқанға ресми сапармен келіп, ЕО-ның аймаққа қатысты саясатын сынады. Ол Батыс елдері антиресейлік күн тәртібін ілгерілетіп жатыр деп атап өтті. “Кейбір әріптестер, әсіресе Батыс елдері, өзара тиімді жобаларды ұсынғаннан гөрі, Орталық Азия елдерінің ішкі құрылымына енуге бағытталған бағдарламаларға қаржы бөлу арқылы өз мүдделерін алға тартуға тырысуда”, – деді Лавров. Ресей тарабы өңірдегі серіктестік процестерінің саясилануына және идеологиялық үстемдік орнатуға қарсы екенін мәлімдеген болатын.
댓글
기타 기사