Лондонда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесуге қатысу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеп.
Кездесу Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өтуде. Танымал әнші бұған дейін, 3 маусым күні, Ұлыбританиядағы ең ірі ареналардың бірі — OVO Arena Wembley сахнасында өткен Лара Фабианның концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсеткен болатын.
“ Мен өмір бойы Димаштың жанкүйері болып жүргендеймін. Мен оны шын жүрегіммен жақсы көремін. Ол бізді жүрегімен де, жанымен де баурап алады. Бұл — әлемдегі ең үздік дауыс иесі әрі әлемді өзгертіп жатқан адам. Біз оған шексіз ризамыз”, — деді Калифорниядан келген жанкүйер Глория Макюн.
Димаштың өнерін сүйетін жанкүйерлер әлемнің түкпір-түкпірінен Лондонға арнайы келген.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз