Лондонда Димаштың жанкүйерлері әншімен кездесті

2100
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/img_7459-960x500.jpeg?token=c0e477e0ea3a8b65be34e34a4ca197f1
Лондонда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен кездесуге қатысу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеп. Кездесу Hilton London Wembley қонақүйінің Grand Ballroom залында өтуде. Танымал әнші бұған дейін, 3 маусым күні, Ұлыбританиядағы ең ірі ареналардың бірі — OVO Arena Wembley сахнасында өткен Лара Фабианның концертінде арнайы қонақ ретінде өнер көрсеткен болатын. “ Мен өмір бойы Димаштың жанкүйері болып жүргендеймін. Мен оны шын жүрегіммен жақсы көремін. Ол бізді жүрегімен де, жанымен де баурап алады. Бұл — әлемдегі ең үздік дауыс иесі әрі әлемді өзгертіп жатқан адам. Біз оған шексіз ризамыз”, — деді Калифорниядан келген жанкүйер Глория Макюн. Димаштың өнерін сүйетін жанкүйерлер әлемнің түкпір-түкпірінен Лондонға арнайы келген.
Yorumlar
Diğer Haberler