Құрбандық шалу кезінде. Түркияда айттың алғашқы күнінде 14 мыңнан астам адам жарақат алды

1739
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/cbdadd8b9f0390c3b1fcb2638a1b4cba_original.937902-960x500.png?token=7d678de071ec0874e37b5c43fc960133

Түркияда Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні құрбандық шалу кезінде 14 372 адам жарақат алып, ауруханаға жүгінген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлу әлеуметтік желіде хабарлады.

"Мерекенің алғашқы күнінде құрбандық шалу кезінде жарақат алған 14 372 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың ішінде Анкарада – 1049, Стамбулда – 753, Коньяда – 655, Газиантепте – 634 тұрғын зардап шеккен", – деп жазды министр X желісіндегі парақшасында.

Бұл күні мұсылмандар құрбандық шалып, етін мұқтаж жандарға таратады. Алайда Түркияда жыл сайын бұл рәсім кезінде жарақат алу фактілері жиі тіркеледі.

Министр Мемишоғлу тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды және құрбандықты тек арнайы дайындықтан өткен мамандарға ғана шалдыруды ескертті.

Айта кетейік, 2024 жылы да Құрбан айттың алғашқы күнінде Түркияда шамамен 16 мың адам дәрігер көмегіне жүгінген болатын.

댓글
기타 기사