Заманауи технологиямен ұлттық ой өрістің дамуы жолында жер бетіндегі барлық мәлімет көздерімен хабардан болып отыратын медиа саласының қоғам ішінде алар орны ерекше. Ақпарат айдынындағы ұшқыр ойлар мен креативті тұжырымдар көрермен қауымның мықты толғанысы мен таңданысын тудырары сөзсіз. Көгілдір экранның көпшіліктің көңілінен шығуы үшін көптеген табанды талпыныстар жасайтыны бізге мәлім. Бұл дегеніміз журналистиканың күллі ел алдында жоғары біліммен тәжірибені талап ететінін аңғартады.
- Камера алдында мүдірмей сөйлеу;
- Оқиға орнынан тікелей репортаж жасау;
- Айқын ақиқатты ашу;
- Ұтқыр сұрақ қойып, тапқыр жауап алу;
- Халықты наразы еткен мәселенің түйінін табу сынды сан сауалдың жауабын білу үшін жоғарғы оқу орындарындағы Журналистика факультетіне түсу қажет. Арманыңды асқан маман иесіне ұштастыра білу үшін- шынайылық, тапқырлық, рухани саналы, байқампаздық, қайсарлық секілді қасиеттер болуы міндетті. Сапалы жұмыс нәтижесінде өз дүниетаным көкжиегіңді кеңейтумен қоса жұртшылық санасына қажетті ақпаратты беруіңнің өзі жұмыстың оң ілгерілеуінің белгісі.
- «Сәлем, Ердәулет! Мен, ҚазҰУ- дың журналистика факультетінің 3-ші курс студенті Динара Орынбекқызы боламын.»
- «Аха, Сәлеметсізбе?»
- «Ертең сенен сұқбат алатын боламын, өзің туралы аздаған мәлемет айтып бересіңбе?...» дегеннен бастап өзі туралы барлығын айта түстім.
Ердәулет Қалиев,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылы,
Ғылыми- шығармашылық жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы