Елбасы «Алғыс» орденімен марапатталды

2384
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/4e4ca854-3da6-44ad-a478-92ed2b84f06f.jpeg
Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Алғыс» орденін табыс етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Тұңғыш Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ, ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
«Сіз Қазақстанның өркендеуі жолында көп шаруа атқардыңыз. Ең бастысы – дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім. Бұл – халыққа жайлы, берекелі және жақсы өмір сүруге, мемлекеттің дамуына мүмкіндік беретін қос тірегіміз. Қалың көпшіліктің атынан Сізге зор алғыс айтуға рұқсат етіңіз. Сіз бар ғұмырыңызды туған жерге қызмет етуге арнадыңыз»,-деді Астана және Қазақстан митрополиті.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사