Қанат Ислам рингке қашан оралады?

12652
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/cd3218fc-bfcd-4110-b07a-10c2fd9d2365.jpeg
Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Boxingscene.com мәліметінше, Ислам келесі жекпе-жегін 20 ақпанда Майамиде (Флорида штаты) өткізеді. 10 раундтық кездесуде ол ганалық Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жұдырықтасады. Ислам 2019 жылдың қазанынан бері рингке шыққан жоқ. Кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International титулын иеленген еді. Ал Ободаи Саи 2019 жылы 9 тамызда соңғы рет рингке шығып, конголық Мардочи Катембомен тең тарқасқан.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사