Пластикалық карталарға қарағанда, электрондық әмияндар жете дамыған елдің тағы бірі — Қытай. Аспан асты елі санаулы ғана жылдар ішінде дамушы елдердің қатарынан озық елдердің қатарына енді. Мұнда банк жүйесі экономиканың дамуына ілесе алмады, сондықтан Қытайда пластикалық карталардың жаппай таралу кезеңі болған жоқ. Адамдар бірден электронды төлем құралдарына көшті.
Ал бізде қалай? Қазіргі таңда еліміздегі бірқатар қалаларда бұрмалану деректері кездесетін карталардың бар екендігі анықталып отыр. Біз аталған жаңашылдықты бүкіл елімізде енгізу үшін смартфон мен интернет қолжетімді болуы керек. Алайда бүгінгі күні Қазақстанның барлық ауылдық елді мекендері 100 пайыз интернетпен қамтылмаған.Айта кету керек, қазір қазақстандықтардың арасында мұндай жаңашылдықты Каспи, Халық, т.б. банктердің тұтынушылары еш қиындықсыз пайдалануда. Яғни, кез келген адам қосымшадағы QR-код арқылы төлем жасай алады.
Жалпы қазіргі уақытта банктер клиенттерге толыққанды қаржы сервисін ұсынады. Банк қосымшасы немесе жеке кабинет арқылы қызметтерге ақы төлеуге немесе аударым жасауға болады. Банк картасынан жалақы алуға, достар мен туыстарға аударымдар жасауға, сондай-ақ онлайн қарыздар алуға болады.Қысқасы, бүгінгі күні біздің елімізде электронды әмияндардан гөрі пластикалық карталар "хит" болып тұр. Ал мамандар әзірге карталарды қолданыстан алып тастау мүмкін еместігін айтады.