Елордалық полицейлер 40-тан астам шетелдікті елден шығарды

2102
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай режимі кезеңінде елордада 41 заңсыз келуші Қазақстан Республикасынан шығарылды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары тиісті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бір тәуліктің ішінде қалада 11 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ, 105 жол-көлік оқиғасы тіркелді, жарақат алғандар жоқ.

«Төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері 353 белгіленген режимді бұзу немесе мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамау фактісі тіркелді. Кінәлілерге қатысты шешімді сот қабылдады.

Төтенше жағдай кезінде елорда көшелері мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған шетелдіктерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Базарлардың, сауда үйлерінің, супермаркеттер мен құрылыс нысандарының және т.б. аумағында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізілуде»,– делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер