Шәһиттер аллеясында көзін жұмған қазақтың батыр ұлы...

4141
Adyrna.kz Telegram

Елхан Шіхәлиев қайтадан жүрегінде үреймен оянды. 1994 жылдан бері Елхан Шіхәлиев ғана емес, онымен бірге бір батальонда Отан, Қарабах үшін шайқасқан және аман қалған барлық достары да осы бір аянды көре беретін. Ербол әрдайым олардың түстеріне кіріп жүрді. Олардың түстерінде 20 жастағы Ербол олардан өз ата-анасын мен бауырларын туралы үнемі сұрап жүретін. Неге олар келмей жүр? Олар қашан келеді?...... деп айтатын. Сосын қайта қараса, Ербол қайта ренішпен бет бұрып, бұлттарға қосылып, жоқ боп кетеді.....

776-шы барлау батальонының жауынгерлері 1994 жылғы Отан соғысынан аман-сау қалса да, олармен бірге бір окопта соғысып, қаза тапқан достарын ешқашан ұмытқан емес. Сол ержүрек жауынгерлерін барлығын шейіттер аллеясында жерленген. Қазір зират басына жиі-жиі баратын адамдар да көп, олардың ішінде жерленген 20 жастағы Барынбетов Ербол Туреханович та бар.

Ербол 1974 жылы 1шілдеде Қазақстанның Жамбыл облысында дүниеге келген. Армяндар Әзербайжан жерін басып ала бастағанда, Ербол Барынбетов жаңа ғана мектепті өте жақсы бағаға бітірген еді. Өз білімімен, тәлім-тәрбиесімен мектептің ең үздік оқушыларының бірі еді. Сондай-ақ, тарих пен әдебиет пәндері бойынша пәндік олимпиадаларда және күрес жарыстарда женімпаз атанған. Алайда, 1992 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің тарих факультетіне құжат тапсырса да, көздеген ұпайын жинай алмаған.

1992-ші жылдың күзінде жаңадан егемендік алған Қазақстанға әскери борышын өтеуге шақырылды. Алты айдың ішінде Қапшағай әскери десанттық базасында әскери борышын өтеген. Алайда бір күні әскери бөлімінің қолбашылығы Ербол Барынбетов Турехановичтің әскери бөлімінен өз еркімен кеткенің туралы хабарлады. Сол күннен бастап, Ерболды іздей бастаған әкесі Турехан өз ұлын қайда екенін біле алмай қалды. Ол қазірдің өзінде Қазақстанда із-түзсіз жоғалғандар ретінде тіркелген.

Көп ұзамай, 1993-ші жылдың 7-ші мамыр айында үйіне телефон соғып, іңісі Нұрболмен сөйлесип, айтады: «Анама айт, уайымдамасын. Мен Әзербайжанның Ханлар районнындамын. Мен аяғымнан жараландым. Бір-екі күннен кейін ауруханадан шығамын. Бәрі жақсы. Жақында кездесеміз».

         Ол сол жылдың мауысым айында сол баяғы іңісіне телефон соғып, оны мектеп бітіруімен құттықтап: «Мені уайымдамаңыздар» деп қайта айтады.

Сол күннен кейін, отбасы өз ұлынан ешқандай хабар алған емес.

Сонда, Ербол Барынбетов Әзербайжанға қалайша келіп түсті? Бұл сауалдарға кеше II-ші шәһидттер аллеясындағы Ербол Барынбетов бейітінің басына жиналған достары жауап берді.

Әзербайжан жерінің азаттығы үшін жанын қиып, қанын төккен Ербол Барынбетовтың зират басына жиналған соғыс достары 776-шы арнайы батальон командирінің орынбасары Салех Әлиев, штаб бастығы Яшар Нәсибов, Тартар районының бұрынғы әскери прокорор қызмет атқарған Юсуф Ағаев, майор Ескендір Ағаев, Мүрвәт Әлиев, капитан Рөвшән Бабаев, капитан Елхан Шіхәлиев, Мехман Әлиев, Теймур Исмаилов, Эльчин Маммедов, Фарзали Пәсәрәк және Рәшид Әлиев ол туралы сипаттап баяндап берді.

Салех Әлиев:

- Ербол 1994 жылы 13-ші ақпан айында біздің батальонға қабылданды. Оның Әзербайжан Қарулы Күштері қатарына өз еркімен алынғанын білдік. Ұзын бойлы, толық денелі, 19 жастағы қазақ баласы алғашқы күннен-ақ әскерилердің назарын аударды. Берілген тапсырмаларды өте жылдам әрі шапшаң орындады. Мемлекеттік маңызды операцияларында және жауларга қарсы апарған барлауында өзінің кәсіби шеберлігін көрсетті. Нағыз түркі  ұлы еді, қазақтың баласындай біздің әділет үшін күресімізге шын жүрегінмен қосылып күресті. Бізге түскенге дейін оны №472 барлау батальонның кызмет етуге алынған еді. Ол туралы берілген сипаттамасында, 8 рет ең қиын жауынгерлік тапсырмаларды орындағаны, Гәлбәжәр, Газах, Муровдағ бағыттағы жаудың соңынан ергені, 8 рет шабуылға шыққаны және өзінің операцияларының арқасында жаудың ордасына үлкен шығынға ұшырату туралы жазылған. Бұл батальонды жойғаннан кейін, оны біздің батальонға жіберді.Батальонға келген күннен бастап, Әзербайжан Ұлттық Батыры, полковник Эльдар Ағаев (қаза болған) оны топтың командирі етіп тағайындайды. Ол барлаушылар тобының жетекшісі еді. Ең қиын операцияларда да оған сенім артқан. Тәртәр районның қорғау барысында ол ерекше қызмет атқарған. Оның ата-анасын мен туған-туыстарын 28 жыл бойы іздеп келеміз. Қазақстанның Қорғаныс Істер Министрлігіне, Әзербайжан елшілігіне бірнеше рет өтініш бердік. Түсінгенімше, оның туыстарын кеш тапқан себебіміз, құжаттарында қатемен жазылған әріптің кесірінен еді. Алайда кейін оның құжаттарын біз мемлекеттік мұрағатынан алуға рұсат алдық. Содан кейін ғана іздеу жеделдеді. Бүгін оның бөлесі Ермек пен туған іңісі Нұрбол қаза болған ағаларын II-ші шейіттер аллеясында ақырында тапты.

Мехмән Мәммедов:

- Ербол біздің барлау тобының командирі еді. Сәуірдің 20-нан 21-не қараған түні біздің соңғы шайқасымыз болды. Тоғыз адамнан тұратын барлау отряды жау тылына өтуге туралы бізге тапсырыс берілді. Армяндардың Тәртәр районнына шабуыл жасау жоспарын бұзуға және олардың қаншалықты күшті екендігі туралы ақпараттарды жинауға келген едік. Армяндар біздің окоптарымызды басып алады. Посттарды қайтару үшін алдымен жаудың миномёт батареясын залалсыздандыру керек еді. 50-60 адамнан тұратын жаулары бізге қарай ілгерілегенін көрдік. Қараңғыланып бара жатты. Ербол Барымбетовтың бұйрығы бойынша оқ жаудырып, армян әскерінің көп бөлігін жойдық. Біз тез арада армяндардан өз посттарымызды қайтарып алдық. Олардың бірінші батальонының шабуылына тойтарыс бердік. Айнала армян мәйіттеріне толы еді. Жаулар мәйіттерді тасуымен бастары қатып жүргенде, біз олардың арқасынан өтіп кеттік. Тағы да тең емес шайқаста олар көп шығынға ұшырады.

Қайтып келгенде, қараңғы батып кетті. Біз постымызға жақындап қалдық. Артымыздан бір топ армян барлаушылары келіп, біздің қайтып бара жатқан тобымызды тұтқынға алып және миномёттерден бізге оқ жаудырды. Осылайша біздің барлау тобымыз Тәртәр мен Ағдәр райондарының аралығында тұтқынға алынды. Мен төрт оқ жарақатын алдым...  Мен жиі-жиі есінен танып қалатынмын... Өз-өзіне келгенде, ауруханада екенімді түсіндім. Операциядан аман қалған 9 адамның ішінде мен ғана екенімді кейін білдім. Ербол Барымбетов, Вугар Сәфәров, Наиль Мәммәдов, Фуад Нәсиров, Сейфәддин Юнусов, Рүстәм Гасымов, Заур Нағиев, Хейрәддин Әлиев барлау миссиясын сәтті орындағаннан кейін қаза тапты....

Теймур Исмаилов:

Біз онымен бірге кызмет еттік. Біз ең ауыр шайқастарға барған едік. Ол өте ұлтжанды бала еді. Өте білімді еді. Тура осы жерде туылғандай болды. Біздің арамыздағы ең кішкентайы болса да, алайда жауынгерлік өнері өте жоғары деңгейде болды. Ол тарихты өте жақсы білген. Әзербажанға соғысуға не себебімен келдін деген сұрағымызға ол: «Мен ата-бабаларымыз үшін кегін алып жатырмын. 1939 жылдан кейін Қазақстанды басқарған Мирзоян ең білімді қазақ ұлдарынының өмірін кесті. Біздің ұрпақтарымызды, шежілерімізді түк қалдырмай көзін құртты. Мен өз ата-бабаларым үшін әрбір армянды өлтірген сайын кегін қайтарып жатырмын».

Елхан Хәсәнов:

- Жылдар өтті. Алайда, 776-шы батальонының барлау тобының жауынгерлері осы күнге дейін Ерболды ұмытқан емес. Біз шейіттер аллеясына келген сайын оның бейітінің алдында суретке түсіп жүреміз. Ербол әзербайжан барлаушылары мен арнайы жасақтарының арасында аты аңызға айналған жауынгер еді. 1994 жылы көз алдымызда болған шайқастарда жауды ауыр шығынға ұшыратып, ұрыс тағдырын шешкен батырдың бірі еді. Барлаушылар арасындағы шайқас тарихында оның аты қайталанбас із қалдырды. Біз оның туған-туыстрын 28 жыл бойы іздеп келеміз. Ата-анасы оның тағдырына не болғанын жайын бейхабар екенін білдік. Оның іңісі Қазақстаннан алып келген туған жерінің топырағы оның рухын жадырататынына сенімдіміз.

Елхан Шіхәлиев, 776-шы барлау батальонының бөлімше командирі:

  • Ербол өз жасына сай емес, үлкен батыр еді. Оның ерлігі туралы әрдайым жазуға, айтуға, әлемге танытуға – біздің парызымыз. Сол шайқастардан аман қалған әрқайсысымыз Ерболдың ата-анасын табу үшін аянбай тер төктік. Өйткені оған берген уәдеміз де, оның алдында борышымыз да бар еді. Осындай ержүрек батырымыздай жандардың саны өте аз. Мен онымен бірге талай рет барлауға аттандым. Бір рет екеуміз 10 күн қоршауда қалған күндеріміз де болды. Аш күндерімізде бір-бірімізге демеу болдық. Оның орман ішінде тіршілік ету дағдыларының арқасында, біз аман-есен қоршаудан шығып, аман қалдық.

1994 жылдың наурыз айында барлаушылармыздың тағы бір тобымыз тұтқынға алынды. Сол топты құтқарған кезде, ол аяғынан жараланған еді. Біз оны соғыс жүріп жатқан жерден эвакуацияға алып, ауруханаға жібердік. Алайда өз-өзіне келген бойда майдан даласына, біздің арнайы батальонға қайтадан оралды. Тек қана қазір ғана біздің жүрегіміз бен ар-ұжданымыз тынышталды. Өйткені оның туыстары келіп, қазақ халқының батыр түркі ұлынның жерін мен бейітін тапты.

Іңісі Нұрбол Ербол Барымбетовтың бейітін кұшақтап алса да, алайда оның батыр ағасы осында жатқанына басында сенбеген еді. Зират басына жақындап келе жатқан 20-дан астам оның соғыс жолдастарын көргенде, іңісі селкілдеп жылай бастады. Әрқайсысын құшақтап, өз басын олардың иықтарына салып, үнсіз тұрып қалды. Сонда, 28 жыл бұрын ағасынан қалған иісін олардан іздегендей болды. Жылдар бойы сағынышы мен азабын көз жасымен басқысы келді.

Одан кейін шәһиттің бейіті басында құран оқытылды. Нұрбол Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қорағат ауылында жерленген ата-анасының зиратынан әкелген топырағын ағасының бейітіне септі.Ол тас қабырғасында ілулі тұрған ағасының суретін колымен сипалады....  Қарап тұрды.... Мүмкін ағасына, Ербол анамыз Сәткүл сені әрқашан сағынып жүрген, анасының 2012 жылы осы дүниеден өткенін туралы айтып жатқан шығар.... Әкеміз Төрехан да дүниеден көзін жұмғанда, оның жалғыз арманы сені көру еді.... Оның соңғы өсиеті: «Қайда болса да Ербол ұлымның өлім-жітімінің хабарын біліңдер, өмірдің соңына бұны ұзатпандар...».

Ербол іңісінің түсіне кіргенде, өз бетін көрсетпей жүрді. Алайда түсінде іңісіне: «Мен жайлы жердемін». Тек қана келіндерші, мен сендерді күтіп жүрмін. Неге келмей жүрсіндер?... Менің жатқан жерім өте әдемі...».

Содан кейін Нұрбол ағасының бейітінен топырақ алып, дорбасына салды. Осы топырақты Қорағат ауылының зиратында жатқан әке-шешесінің бейітіне себетін болады. Қазақ халқының қаһарман перзенті Ербол Барымбетовтың соғыс жолдастары Әзербайжан президентіне, әрі Жоғарғы Бас Командирі Ильхам Әлиевке Әзербайжан жерінің азаттығы үшін жаумен қамықпай шайқасқан, мемлекет үшін ерекше маңызы бар сансыз сәтті операцияларға қатысқан, Әзербайжан аумақтық тұтастығы үшін өмірін мен қанын қиған 20 жастағы батыр қазақ ұлының шейіт деген есімін мәңгілікке қалдыру және құрметті атағын оған беруді сұрау туралы өтінішін жолдады. Бұл үндеу кабыл алынса және жақын арада жүзіге асырылса деп бәріміз де соған үлкен сенім артамыз.

Аида ЭЙВАЗЛЫ,

Аударманы азербайжан тілінен қазақ тіліне орындаған:

Баку славян университетінің докторанты, әрі жас ғалым,

Тукумбаева Алтын Даулеткановна.

 

Пікірлер