Шығыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты

3852
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/3535a2af-70d1-4241-9879-2520e6a41fd5.jpeg
Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болып, алты адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы оқиға 8 мамыр күні Жарма ауданы, Шар қаласының маңында Омбы–Майқапшағай республикалық тасжолында болған.
«Ssang Yong Actyon» маркалы автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай қалып, қарсы бағытта келе жатқан «Ваз-21014» көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Апат салдарынан «Ваз-21014» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі мен 5 жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті. Ал «Ssang Yong Actyon» көлігіндегі 35 жастағы жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии