Тоқаев Путиннің шақыруымен 25-ші мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады

2954
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/39e37d27-f8f5-497e-b322-f4ef44121d4e-960x500.jpeg?token=44f1a4e886c8a2dd1cd8eb625fa9f267

17 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 25-ші мерейтойлық Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы ИМДБ-ның пленарлық отырысында сөз сөйлейді және бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.

«Келіссөздер барысында мен Қазақстан Президентін ағымдағы жылдың маусым айында өтетін Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына басты қонақтардың бірі ретінде

қатысуға шақырғанымды айта кетейін. Ол біздің шақыруымызды қабылдайды деп үміттенеміз және біз әрқашан Санкт-Петербургте өтетін форумға қазақстандық саясаткерлер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінен тұратын сенімді делегацияны күтеміз», - деген болатын Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомартпен Тоқаевпен 2022 жылдың 10 ақпанындағы кездесуінде.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии