"Адырна" ұлттық порталына Президент атынан алғыс хат табысталды

2571
Adyrna.kz Telegram

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін гранттармен және алғыс хаттармен марапаттады. Тиісті бұйрық Ақорда сайтында жарияланды, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына – «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторына, ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Көпжасарұлы Ерқанатқа – «31 арна» телерадиокомпаниясының тілшісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Мягких Оксана Вячеславовнаға – «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге үлес қосқаны үшін;

Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқаны үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

Байтарова Сәния Бақытқызына – «Жетісу» телеарнасының редакторына, өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;

Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына – «Almaty» телерадиокомпаниясының арнайы техника операторына, еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;

Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына – «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісіне, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;

Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына – «Baigenews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісіне, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

«Adyrna» ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;

«Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;

«Astana» радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;

«Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын.

Пікірлер