Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс Қазақстан тауарларының логистикасына қалай әсер етеді?

442
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zMG3UeDbFkVJVIoGBHvX96C3lPpjXSwJOoohuzdh.jpg

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран-Израиль текетіресінің  Қазақстан өнімдерінің аталған өңірге жеткізілуіне қалай әсер етуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды "Адырна". 

"Қазір болжам жасауға ерте. Жағдай қалай өзгеретінін күтіп отырмыз. Бейбіт келісімге қол жеткізіледі деп үміттенеміз. Не жоғалтамыз дегенге келсек, бәрінен бұрын Иранға азық-түлік жеткіземіз. Бұл оқиға ол саудаға әсер етпейді деп ойлаймын. Қайткенде де халқына азық керек, үлкен ел деген сияқты. Бізді алаңдатып отырған жалғыз мәселе – логистика", - деді Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Әңгіме Иран теміржол арқылы өтетін транзиттік тасымал туралы болып отыр.

"Оңтүстікке апаратын жол Иран арқылы өтеді. Басқа теміржол жоқ. Бірақ ол жолмен

әзірге соншалық көп тасымалдап отырған жоқпыз. Өйткені иран теміржолының жағдайы соншалық жақсы емес және станса ауыстыру мәселелері бар. Дегенмен үлкен жоспарларымыз болған. Сондықтан ахуалды жіті бақылаймы", - деді вице-премьер.

Жұманғариннің айтуынша, егер қақтығыс ұзаққа созылып жатса, Қазақстанда балама логистикалық жолдар қарастырылған.

"Бізде балама нұсқалар бар: Грузия арқылы шығуымызға болады, ТМТМ бағыты бар, Қытай порттары арқылы да шыға аламыз. Иә, бұл логистиканы сәл күрделендіреді, бірақ егер бұл жағдай ұзақ мерзімді болып кетсе, басқа жолдарын ойластырамыз", – деп түсіндірді ол.

Министр қазіргі кезде нақты болжам айтуға ерте екенін атап өтті. Қазақстан жағдайдың қалай өрбитінін күтіп отыр.

Комментарии