XIII ғасырда жазылған әйгілі «Моңғолдардың құпия шежіресі» еңбегі алғаш рет барлау тұрғысынан сарапталған жаңа зерттеу жарық көрді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Шыңғыс ханның құпия барлауы» деп аталатын бұл еңбектің авторлары — моңғолиялық зерттеушілер Ж.Соёомбо мен Ж.Тувшинтур.
Кітапта көне тарихи құжат барлау қызметі мен стратегиялық басқару жүйесінің негізі ретінде қарастырылып, ежелгі моңғолдардың ақпарат жинау, өңдеу, тарату және қарсы барлау әдістері жан-жақты сипатталған.
Кітапта «Сұр ат» деп аталатын арнайы операция", "Жергілікті халықпен жұмыс істеу тәсілдері", "Дезинформация арқылы стратегиялық мақсаттарға жету", "XIII ғасырдағы шешім қабылдау мәдениеті мен ойлау жүйесі" сынды тақырыптар қарастырылған.
Зерттеуде көне шежіренің әскери барлау, стратегия және
Ж.Соёомбоның айтуынша, ежелгі деректі дұрыс қырынан түсіну бүгінгі күнге де тиімді сабақ болмақ.
«Бұл еңбек — біздің халқымыздың бағалы тарихи мұрасы. Онда жазылған барлау тәсілдері мен стратегиялық ойлау жүйесі қазіргі заманда да өзектілігін жоғалтқан жоқ», - дейді автор.
Авторлар зерттеу барысында көне және қазіргі заманғы барлау жүйелерін салыстырып, тарихи процестердің ақпараттық қауіпсіздік, әскери тактика және стратегиялық жоспарлау салаларына ықпалын анықтаған.
Мамандар пікірінше, еңбек ғылыми қауымдастық үшін ғана емес, ақпараттық қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қорғау саласындағы мамандар үшін де маңызды құрал болмақ.