Путин мен Трамп жыл басынан бері телефон арқылы 6 рет сөйлесті

854
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/F8niXJvxDc2xseWUwjZZQa3FlJBMsfUuiShHiRu3.jpg

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы әңгімелесті. Бұл туралы бүгін, 3 шілдеде Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол Путиннің өз әріптесін ертең АҚШ-та аталып өтетін Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын мәлімдеді.

«Әрине, Украина мәселесі де талқыланды. Трамп әскери іс-қимылдарды тезірек тоқтату мәселесін тағы көтерді. Путин қақтығысты саяси жолмен шешуге

күш салып жатқанын айтты», — деді Ушаков.

Сондай-ақ әңгіме барысында Сирия, Иран және Таяу Шығыстағы жағдай да сөз болған.

Соңғы рет Путин мен Трамп 14 маусымда сөйлескен болатын. Әңгіме 50 минутқа созылған.

Айта кетейік, бүгінгі әңгімелесу - екі ел президентінің жыл басынан бері алтыншы рет сөйлесуі.

Авторы: Бердібек Рауан Ерланұлы

Комментарии