Шардарада ақын Әмірхан Балқыбекке ескерткіш-бюст ашылды

605
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qFnSvMFR3MMgVUA85N1209VA96TAgK41vpl5jRDE.jpg

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында көрнекті ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбектің құрметіне ескерткіш-бюст ашылды. Бұл туралы ақын, журналист Асылан Тілеген жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көңіл қуантар жаңалық! Ақын, әдебиет сыншысы Әмірхан Балқыбек ағамызға туған жері Шардарада бюст-ескерткіш орнатылды! Мүсіншіге алғыс! Ағаға ұқсап-ақ тұр екен!—деді ол.

Ескерткіш аудан орталығындағы саябаққа қойылды. 

Айта кетейік, Әмірхан Балқыбек 1969 жылы Түркістан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған.

Шардара аудандық «Өскен өңір», республикалық «Жас алаш», «Ана тілі» газеттерінің, «Парасат» журналының тілшісі, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Жас қазақ» республикалық газеті әдебиет және ғылым бөлімінің редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның бірқатар өлеңдері «Жас ақындар поэзиясының антологиясы», «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза», «Сынған сәуленің шағылысуы» жыр кітаптарының авторы. Көрнекті тұлға 2014 жылдың 8 сәуірінде қайтыс болды.

 

 

 

Комментарии