"Қызыл Ай" қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалып, таратты

3210
Adyrna.kz Telegram

Құрбан айттың алғашқы күні   "Қызыл ай" қоғамы Қазақстанда 50 бас ірі қараны құрбандыққа шалды.  Шымкент те 25, Алматы да 25 ірі қара. Алматыға әкелінген 25 ірі қара,  ет комбинатында қасапшылар іріктеп бөлісімен, бірінші  "Жан ұя" балалар үйіне апарылды.  Балалар үйінің басшысы Ләззат Әскерғалиқызы қонақтарды бүгінгі мерекеге арнайы жайылған дастарханда күтіп алды.  Жартылай жетім балалар,  жартылай мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан "Жан ұя"  балаларын қуантуға  Түркияның Қазақстандағы Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаздың өзі қатысып, арнайы құрбан айт мерекесімен құтықтап қайтты.

"Барша Қазақстандықтарды бүгінгі құрбан айт мерекесімен құтықтаймыз,  "Жанұя"  балалар үйіне Консулдық қызметкерлері  бірінші келуіміз емес, бұдан бұрын да біз жұмыс істеп келе жатырмыз. Әзірге  балалар үйіне қатысты  бір жоба қолымызда, қаржы қарастырып жатырмыз.   Түркия елінен келіп отырған "Қызыл Ай" қоғамы  жылда мұқтаж отбасылар мен балалар үйін назардан тыс қалдырған емес. Алматы қаласында да бірнеше мешіт балалар үйіне таратқалы отыр" -, деді Бас Консул Рыза Қаған Йылмаз мырза.

Арнайы Түркия елінен келген "Қызыл Ай" қоғамы мүшелері Шенгиз Яардабекши мырза мен Фатима Мерич Йылмаз ханым    мешіттен өзге Ұзынағаш, Ақжар, т/б  ауыл ауылдардағы мұқтаж жандардың үйлеріне барып, еттен өзге де кішігірім сыйлықтарын тарту етіп,  отбасыларды бүгінгі мерекемен құтықтап қайтты.

" Қызыл Ай"  қоғамы жалпы алғанда 40 жуық мемлекетте құрбандық шалып жатыр, жылда осы дәстүрді қайталаймыз. Ішінде мұсылман емес мемлекеттер де бар. Мұқтаждық пен қайырымдылық дін таңдамайды ғой, құрбан айттан басқа уақытта да қайырымдылық шараларын өткізіп тұрамыз" -дейді Шенгиз Яардабекши мырза.

Әрине "Қызыл Ай" қоғамының санаулы адамдары аз уақытта осынша ірі қараны бауыздап, таратып үлгере алмасы анық, бұл ретте Ахмет Зекай басшылық етіп отырған "Қожа Ахмет Ясауи"  атындағы білім ұйымы мен ерікті жастар тобы қатысып қайрымдылық шараға өз үлестерін қосты.

Аида Қожмамбетова 

Пікірлер