Арменияда ОДКБ қатарынан шығуды талап еткендер бас көтерді

1584
Adyrna.kz Telegram

Арменияның астанасы Ереванда ОДКБ қатарынан шығуды талап еткен белсенділер бас көтерді. Митингті "Ұлттық демократиялық полюс" және "Еуропалық" партиясы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар ел азаматтарын жаппай митингке шығуға үгіттеуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Армения Республикасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хатшысы Армен Григорян ""Азатутюн" радиосына берген сұхбатында өздерінің ОДКБ-ға арқа сүйегенін, алайда сенімнің еш ақталмағанын жеткізді. ОДКБ-ны Әзербайжан әскерін Арменияның заңды территориясынан шығарып, тұтастығын қорғамағаны үшін айыптады.

Митингті ұйымдастырушылар ОДКБ қатарынан шығып, ұлттық қауіпсіздіктерін күшейту мақсатында басқа ұйым құру қажет деп санайды.

 

Пікірлер