Әбішев: Түркия мен Қытай Қазақстанға әскерлерін кіргізуі мүмкін

2588
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Саясатанушы Ғазиз Әбішев Қазақстан Ресеймен шекараны нығайту үшін Қытай мен Түркия әскерлерін кіргізуі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ол өзінің telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қазір ресейлік әскерлер қарбалас, ал қазақстандық әскерлер аздық етеді. Мүмкін Ресей Федерациясымен жақсы қарым-қатынаста болған және Ресей сенетін елдерден көмек сұраймыз ба? Мысалы, Қытай мен Түркия. Айтпақшы, биыл олар Қазақстанның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығына белсенді түрде кепілдік берді. Солтүстік шекарада түріктер мен қытайлардың шектеулі контингенті шынайы нұсқа ма?
Әрине, Ресейге көмектесу үшін. Басқаша қалай болсын? Ал әлем кенет бас қосып, Қазақстанды көмейінен ұстап, өте маңызды таңдау жасауды талап етсе, түрік пен қытайлық әріптестер де артық болмас.

Иә, сценарий керемет. Бірақ соңғы жылдары көптеген фантастикалық сценарийлер орындалды, солай емес пе?» делінген хабарламада.

Еске салайық, Ресей президенті Владимир Путин бүгін, 21 қыркүйектен бастап жартылай мобилизация туралы жариялады. Әскери қызметке тек запастағы және қарулы күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір мамандықтары мен тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер