Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін түбегейлі қайта жүктеу жүзеге асырылады- Тоқаев

2150
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау циклінің қорытындысы бойынша Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін түбегейлі қайта жүктеу жүзеге асырылатынын айтты. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы соңғы үш жылда жүргізілген реформалар мен конституциялық реформа еліміздегі мемлекеттік және саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырғанын атап өтті.

"Сондықтан мен Жолдауда сайлау циклінің барлық кестесін ашық айттым. Осылайша, барлық негізгі мемлекеттік институттар кезең-кезеңімен қайта іске қосылады: Президент, Парламент, үкімет, мәслихаттар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ, ол бұл бастаманың жарияланғанына бір айға жуық уақыт өткенін, осы уақыт барлық мәселелерді асықпай талқылауға және бағалауға жеткілікті болғанын баса айтты.

"Қоғам біздің саяси жүйені өзгерту жөніндегі жоспарларымыздың қисыны мен келешегін нақты түсінді. Сондықтан бұрын жарияланған сайлау кестесіне сәйкес және еліміздің Конституциясына сәйкес 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Бұл сайлау бүкіл саяси жүйені түбегейлі қалпына келтіруетін  сайлау циклін бастайды», - деп қосты ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл болашақта тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге жұмылуға мүмкіндік береді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер