"Шекарада 10 км-лік кептеліс": Ресейліктер Қазақстанға ағылып жатыр

994

"Қазақстанға қашып кіретін ресейліктер саны 3 миллионнан асуы мүмкін. Қонақ үй, көлік бағасы, ішіп-жем, таксидің ақысы қатты қымбаттап кетері анық. Сыртқы істер министрлігі қайдасыздар? Бұл жағдайда неге үнсіз отырмыз?" Бұл пікірді белгілі блогер Дәулет Мұқаев өзінің инстаграм парақшасында қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Сұмдық! Ресейде әскери жарамды азаматтарды соғысқа алу жайлы жарлық шықты дегелі, Қазақстанға ресейліктер ағылып келіп жатыр. Шекарада 10 км-лік кептелістер пайда болған. Кешеге дейін Украина жеріндегі соғысты - спец.операция атап, тек контрактниктерді тартқан. Соның өзінде әскери кампанияға байқаусызда ілігіп кетпейін, - деп Қазақстанға 700 мың ресейлік қашып кіріп еді. Олар не істеп жүр? Қайда тұрып жатыр? Қандай қылмыстар жасады? Нендей кәсіп ашты? Ешқандай социологиялық зерттеу жоқ. Ал енді ресми мобилизация басталды, мамандар Қазақстанға қашып кіретін ресейліктер саны 3 миллионнан асуы мүмкін, - деп отыр. Қазірдің өзінде телеграм, вконтакте чаттарда шекарадан заңды-заңсыз өтудің жолдарын бір-біріне үйретіп жатыр. Бұл келе жатқандар билік өкілдері айтып жатқандай орта дәулетті емес. Соңғы тиынына пойызға билеп алып, автобуспен келе жатыр. Қаржысы жоқ бұл қалың топ ертең елдегі криминалдық ахуалды қиындатып жіберетіні анық. Тек орыс тілінде қызмет талап етіңдер,- деп чаттарда үгіп жүріп жатыр. Ертең тіл, ұлтаралық кикілжің күшейеді. Кешегі 600 мың келімсек Алматы, Астанадан пәтер сатып ала бастап еді, соның салдарынан Алматы-Астанада үй бағасы, жалдау ақысы 30-50 пайызға қымбаттап кеткен еді. Енді миллиондағаны кірсе, баспана құны ұшады. Қонақ үй, көлік бағасы, ішіп-жем, таксидің ақысы қатты қымбаттап кетері анық. Сыртқы істер министрлігі қайдасыздар? Бұл жағдайда неге үнсіз отырмыз?", - деп жазды Дәулет Мұқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket