Шаңыраққа қараңдар, бұлар Алтын Орданың ұрпақтары - Виктор Калгин

2270
Adyrna.kz Telegram

Украина-Ресей арасындағы соғысқа әскер жасақтау басталғалы бері Қазақстанға Ресей азаматтары ағылып жатыр. Мобилизация салқынына ұрынудан қашқандардардың дені Қазақстанға келуде. Соған орай Ресей азаматтарына Қазақстандағы желгілікті  этникалық орыс ұлтының өкілі Виктор Калгин ескерту жасады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Cіздер, алдымен, қазақтардың қонақжай ұлт екенін ұғынуларыңыз қажет. Бірақ есіктен кіре төр менікі дегенді қазақтар ұнатпайды. Қазақтың мәдениетін, тілін, ділін сыйлаңыздар! Сіздер қонақта жүргендеріңізді, тек Қазақстан заңының күші бар аймақта жүргендеріңізді ұмытпаңыздар. Ресейдегі үйреншікті жағдайдың Қазақстанда еш маңызы болмауы мүмкін. Қазақстан - мыңжылдықтар үлесіндегі тарихы, мәдениеті бар бөлек мемлекет. Қазақта мемлекет болмаған деп құсықтарыңызды төкпес бұрын, кезінде өз бабаларыңыздың босағасынан сығалауға именген Алтын Орданы еске алыңыздар. Қазақтар - Алтын Орданың мираскері, - деді автор.

Сонымен қатар, Виктор Калгин Қазақстандағы этникалық орыстардың жайлы өмір сүріп жатқанын, қазақ тілінің дыбысталу заңдылықтарын,  қазақша сәлемдесу әдебін сөз етіп, ютуб пен тик-ток арқылы арзан атақ жинамауға шақырды.

- Жақын күндерде Ресей билігінің ауысатынына сенемін. Сол кезде қайтадан елдеріңізге оралып, гүлденуіне ат салысасыздар. Әзірге мұнда жай ғана "қонақ" екендеріңізді естен шығармаңыздар, - деп ойын түйіндеді Виктор Калгин.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер