“200 мың доллар талап еткен”: Алматыда ер адамды ұрлағандар ұсталды

1926
Adyrna.kz Telegram

Алматы полициясы адам ұрлығының бетін ашты. Бұл туралы Polisia.kz. мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, 40 жастағы алматылық қылмыскерлердің құрбаны болған. Оны Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй аумағынан ұрлап кеткен.

"Ұрланған азаматтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Дереу арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, алғашқы іс-шаралар кешені жүргізілді, бұл ұрлаушылардың жеке басын және олардың жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын жылдам анықтауға мүмкіндік берді. Ер адамды босату бойынша арнайы іс-шара қаланың Түрксіб ауданындағы қоймалар аумағында жүргізілді. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Ұрланған азамат аман-есен босатылды. Оны қатты соққыға жыққан және оған медициналық көмек қажет болды. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен, әйтпесе героины бар иньекция енгіземіз деп қорқытқан", - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Қылмыстың нақты себебі ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу барысында істің мән-жайы белгілі болады. Күдіктілер қамауға алынды.

Пікірлер