«ЖАС ҰСТАЗ: ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ»

2347

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде  Жетісу облысы жалпы білім беретін мектептердің жас педагогтеріне арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты аймақтық форум ұйымдастырылды. Форумға 130–дан астам жас маман қатысты.

Жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісу үшін Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Адамбекова Айжан Мамановна, Дамир Нуркежанов– «Future-IT» робототехника мектебінің жетекшісі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Дамир Дигай - «Zhetysu University» бедел саясаты орталығының директоры шақырылды.

— «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» аймақтық форум – өте маңызды іс-шара. Облыс бойынша бізде 1800 астам жас ұстаздар бар. Соның ішінде биылғы оқу жылы 600 жас ұстаз келді. Форум қатысушылары бір-бірімен араласып, тәжірибе алмасып, жаңа идея алып және табысқа қалай жетуге болады деген сұрақтарына жауап ала алды деген сенімдемін, — дейді Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Адамбекова Айжан Мамановна.

Форумға қатысшылар тақырыптық алаңдарда бас қосып, «Сабақ құрастыру: жинақтаймыз және қолданамыз», «Функционалды сауатсыздық: тапшылықты қалай толтыруға болады», «Инклюзивті білім: жанама тәжірибеден өз іс-әрекетіне дейін», «Оқытуда АКТ-ны тиімді пайдалану» сынды өзекті мәселелерді қозғаған сабақтарда бас қосты. Сонымен қатар  «Эмоциялық мәдениет» тренингі, жас ұстаздардың шеберлік сабақтары,  ACTIVE SPOT ұйымдастырылды.

— Қазіргі кезде кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, жас мамандарға қолдау көрсету дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі алдыңғы толқын ағалардың кейінгі толқынды тәрбиелеу ісі екендігінде дау жоқ, — дейді Талдықорған қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталық филиалының аға менеджері Гаухар Қазыгулова.

Форум жас ұстаздардың мектепте оқытудың қазіргі заманғы үрдістерін талқылау, зияткерлік дағдыларды дамыту және цифрлық мүмкіндіктерді танымал ету үшін бірыңғай алаңға айналып үлгерді. Өйткені форум мұғалімдердің кәсіби тұрғыда табысты болуына бағдар жасап, оларды үнемі оқуға және дамуға ынталандырады.

— Форум өте ақпаратты өтіп жатыр. Психологиялық, эмоционалдық тұрғыда оқушылармен жұмыс, өзімізге керекті онлайн платформаларды, оқушылардың ғылыми - шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру жолдарын білдік. Педагогикалық шеберханаларға қатысып, тәжірибелер панорамасының түрлі тақырыптағы мазмұнымен таныстым, —  Аслан Рафиков Көксу ауданы, Биғайша Құнтақбаева атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі.

Еліміздің барлық Назарбаев Зитякерлік мектептерінің базасында форумға еліміздің жалпы білім беретін мектептерінен 3 мыңнан астам жас маман қатысуда.

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket