Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады - Еңбек министрі

2380
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Әлеуметтік кодексі жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтетінін айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.

«Кодекс отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдауға бағытталып отыр. Цифрлық картаны қанатқақты жоба ретінде іске асыру барысында көпбалалы отбасылардың әлеуметтік қатерлерге тап болу ықтималы жоғары екенін көрдік. Осы орайда Әлеуметтік кодексі жобасында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолднастағы біртұтас жүйесін толық сақтау және оның негізгі параметрлерін өзгерту қарастырылды. Нақтылай кетейін, бүгінгі балалы отбасыларды қолдау жүйесі халықаралық стандарға сәйкес жүктілік және босану, бала туу, бала күтіміне байланысты төлемдерді, көпбалалы аналар және мүгедіктігі бар балалы отбасыларға қарасты төлемдерді және табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектерді қамтиды», - деді Т. Дүйсенова.

Оның атуынша, Кодекс жобасына енгізілетін жаңа параметрлер отбасыларға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтеді.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50 пайызы көлеміндегі бастапқы капитал қосымша көмек көзі болмақ. Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылатын болады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрлемақы мөлшері өседі және олар «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградтталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылатын болады. Тағы бір маңызды параметр – 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінен емес, медиандық табыс есебінен анықталатын болады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі зерделенді. Атап айтқанда, 8-ден астам ел осы көрсеткішті пайдаланады және оны отбасы әл-ауқатының нақты дәрежесін көрсететін өлшем ретінде белгілеген. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызын құрайды, ал Канадада – 50 пайыз, Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Германия және Францияда 60 пайыз. Біз де осы тәжірибені енгізгелі отырмыз», - деді министр.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер