Араб-парсы мәдениетіне негізделген діни ұстанымды насихаттаған мектеп сынға ұшырады

3359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/12/ce11f89d-b365-4d06-84c7-b365de13ff90.jpeg
Әлеуметтік желіде араб-парсы мәдениетіне негізделген діни ұстанымды насихаттаған мектеп сынға ұшырады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бейнежазбаны қазнетке Тұрарбек Құсайынов жүктеді. Ол кез келген мектеп немесе жоғары-орта оқу орындарында бұндай діни насихатқа жол бермеу керек екенін атап өтті. Алматы қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілген.
«Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады»,—деді ведомство.
Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
Комментарии