Kaspi банк 5 баланың ата-анасының қарызын кешірді

960

Өрт салдарынан 5 баласынан айырылған астаналық Ситерлер отбасының 4 банктен алған несиесі бар екен. Оның бірі - Kaspi bank. Қалған үшеуі белгісіз.

Бүгін Kaspi банк басшылығы отбасының қайғысына ортақтаса отырып, аталмыш банктен алған несиелік қарызын түгел жабуға шешім қабылдапты.

"Біз бұл қайғылы жаңалықты естіп таң қалдық. Kaspi.kz-тің басшылығы Ситерлер отбасының несиелері бойынша қарызды жабу туралы шешім қабылдады", - деді банк өкілі.

Айта кетейік, қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.

Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.

Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.

Бүгін Астана қаласында 5 баланы жерлеу рәсімі өтті.

Пікірлер
Редакция таңдауы