Баянауылда бір отбасы көмір газынан қайтыс болды

1764
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында жүкті әйел, оның азаматтық некедегі күйеуі және екі баласы газдан уланып қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Денсаулық сақтау басқармасының  хабарына қарағанда, оқиға 6 ақпанда кешкі сағат 9-да Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ аулында болған.

"1980 жылғы әйел қаза тапты, оның құрсағында жеті айлық бала болған. Ол 31 қаңтардан бері аудандық емханада тіркелген. Оның азаматтық некедегі күйеуі 1979 жылғы. Ол 5 ақпанда Осакаров ауылынан (Карағанды облысы) келген. Үйде 2004 және 2007 жылғы екі бала болған. Олар жылыту пешінің газынан уланған. Жедел жәрдем орынға келісімен төрт адамның қаза болғандығын растаған", - деді басқарманың баспасөз өкілдері. Ведомство өкілдері қаза тапқан әйелдің екі баласы артында қалғанын айтты. Олар Баянауылда колледж студенттері екен. Қазіргі уақытта балалар Баянауыл әкімдік өкілдерінің қарауында.

Пікірлер