Илон Маск сенсациялық мәлімдеме жасады

2451
Adyrna.kz Telegram

Илон Маск шын мәнінде сенсациялық мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, қазір Tesla электромобильдерін өндіруге арналған барлық патенттері қоғам игілігі үшін ашық, баршаға қолжетімді болады және оның бұл амалы әлем климатының өзгеруімен байланысты күресте іс жүзіндегі көмегі ретінде атап өтті.

Егер барлық, не кез келген адам осы технологияны өзінің мақсатына сай пайдаланғысы келсе, Маск оларға ешқандай патенттік шағым бермейді. Бұл аса құрметтеуге тұратын батыл қадам.

«Біз экологиялық қауіпсіз көлік құралдарын жасауды жеделдету үшін Tesla Motors компаниясын құрдық. Егер біз ең тартымды электромобильдерді құру жолында басқаларды тазалап отырсақ, содан кейін ол жолды интеллектуалдық меншікті снарядтарымызбен иемденіп, миналап тастасақ, онда бұл әрекетіміз біздің өз мақсаттарымызға кері, қарсы әрекетеміз болар еді», - деді Маск.

Илон Маск өзінің "Tesla" электромобиль өндірісінің барлық патенттеріне ашық қолжетімді мүмкіндік туғызды.
Өнертапқыш негізінде патент прогреске кедергі келтіреді деп санайды, ол өнертапқыштардың өзін емес, ірі корпорацияларды және заңгерлерді ғана байытып отыр дейді. Ол бұрын басқа ірі автоөндірушілердің өзінің технологиясына қол жеткізе алмауы және өз өнімін көшіріп алмаулары үшін және өздерінің нарықтық жарнамалық, сауда нысандарын басып алмаулары үшін ғана ол Tesla технологиясын патенттегенін айтады.

«Бұл үлкен қателік болды! Жағдай мүлде керісінше, өйткені ірі электр өнімдері мен электр және басқа да экологиялық қауіпсіз автомобильдер өндірісі өнімдері ең аз көлемде немесе тіпті де жүзеге асырылмай келеді », - дейді өнертапқыш.

И. Масктың айтуынша, қазір Tesla жылына 100 миллионға жуық автомобиль шығарады, бірақ бұның әлем климатына шынайы әсер етуіне, қауіпті көміртек дағдарысын тоқтатуға қауқары аз. Енді бұл игіліктің жемісінен барлық адам пайда көре алады - енді барлық компаниялар жаппай өз электромобильдерін шығара бастаса бұның әлем климатына жағымды әсері тиюі керек.

«Біздің коды ашық патенттерімізге қатысты философиямызды тарату біздің позициямызды әлсіретпейді, керісінше Tesla позициясын нығайтады деп сенеміз», - деді Илон Маск.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер