Навальный: Путиннің билігінде өмір сүргенше, түрмеде отыра бергенім артық

1687
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный түрмеде Путиннің сөзін тыңдаудың өзі жаза екенін жазды, деп хабарлайды "Адырна".  

 Қазан айында Навальныйға лаңкестікке шақырды және ұлтшылдықты насихаттады деген айып тағылды. Ақпан айында ол үшін түрме режимі күшейтіліп, оны алты айға камералық типтегі үй-жайға (ПКТ) жіберді. Навальный түрмеде отырғаннан бері 12 рет жазалау камерасына қамалды.

Ол Покровтағы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан және 2023 жылдың жазында босатылуы керек еді, бірақ 2022 жылдың маусымында Навальныйға тоғыз жыл қатаң режимде алаяқтық ісі бойынша жаза тағайындалды. Осыдан кейін ол Владимир облысының Мелехово ауылындағы қатаң режимдегі түзеу колониясына ауыстырылды.

Іnstagram желісіндегі жазбасында ол Путиннің саясатына деген өшпенділігін тағы тізбектеп берді. Сондай-ақ, түрмедегілердің Путиннің сөзін тыңдау – жаза екенін өз әрекеттерімен мойындағанын айтты:

"Жазаланушылар түрмедегі жазалардың тізімін жасады. Олар отбасыңмен байланыса алмау, жуынбаған түрме бастығының камерасына қамалу және күнде Путиннің сөзін тыңдау. Мен түрме әкімшілігінің Путиннің сөзі мен мүңкіген иісін теңестіруінен әділдік сезінемін" деді ол. 

Сондай - ақ, Путиннің саясаты, соғыстағы позициясына қатысты:

"Путиннің соғысты біз бастамадық дегенін естіген сайын, түрмеде отырғаныма шүкірлік етемін. Мынадай билікте өмір сүргенше, түрмеде отырғаным мың артық" деп түйіндеді жазбасын.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алексей Навальный (@navalny)

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер