Тоқаевты Қытайда қалай қарсы алды?

3253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/izobrazhenie_2023-05-17_130430165.png
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сапар барысында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді,  оның ішінде стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылатын болады. Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің әуежайдағы кездесуінің суретін таратты. Қасым-Жомарт Тоқаевты қытайлық мектеп оқушылары қарсы алды.
«18 мамырда Мемлекет басшысы Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездесіп, мемлекеттік сапарлар бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ Алматыда Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысады», - деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия-Қытай саммитіне қатысады. Сондай-ақ Сиань қаласындағы еліміздің Бас консулдығының салтанатты ашылуына қатысу жоспарлануда. Еске салайық, 12 мамырда Қытай телеарнасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланған болатын. Бұдан кейін президент Орталық Азия елдерінің Қытаймен жақындасуына қатысты кейбір азаматтардың алаңдаушылығына тоқталды.
Комментарии