Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Мәскеудегі Еуразиялық экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Ресей мен
Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) құрамындағы Ресей мен Беларусьтін орны ерекше екенін айта келіп, бұл ұйымда Қазақстан, Қырғызстан және Армения сияқты интеграцияның басқа деңгейіндегі мемлекеттер де барын еске салды.
Біз назарға алуымыз керек концептуалды шындық немесе ерекшелік бар - бұл Беларусь пен Ресейден тұратын Одақ. Бұл одақтың тұжырымдамалық және идеологиялық негізі айтарлықтай салмақты. Бұл қоғам мойындаған өзара мәдени, тілдік, діни бірегейлік. Яғни бір халықтың бар екенін мойындау, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Ресей мен Беларусьтің ЕАЭО аясындағы одақтастығы әлем тарихында болмаған тәжірибені туындатып отырғанын айтты.