Бүгін – Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылдан бастап сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ресми түрде аталып өтіледі.
Алайда Ашаршылық құрбандарын еске алу Совет одағы ыдырамай тұрып басталған. 1992 жылы Ашаршылық апатына 60 жыл толып, сол кезде Аза күні ретінде аталып, еске алу шаралары өтеді. Отызыншы жылдарғы нәубет пен зұлматта қаза тапқандар санын сол кездегі баспасөз 4 млн деп көрсеткен. Қазақ халқының елеулі бөлігі, оның ішінде сүт бетіне шығар элитасына қарсы ұйымдастырылған саяси репрессияға қазір 90 жылдан асып отыр. Сексенінші жылдардың соңы -тоқсаныншы жылдардың басындағы Алаш арыстарының ақталуы саяси жаңғыру мен ұлттық келбетті айқындаудың басы тәрізді көрінген. Алайда совет империясының қанқұйлы саясаты адамдардың санасынан бірден өше қойған жоқ.
Алайда Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу еш уақытта тоқтап қалмақ емес.
Соңғы жылдары, 2020 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның басты міндеті – кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санатына қатысты тарихи әділеттілікті толық қалпына келтіру.
2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған. Дегенмен, бүгінде саяси қуғын-сүргін құрбандары толық ақталды ма деген сұраққа толымды жауап болмай тұр.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Сақтағанованың айтуынша, саяси қуғын-сүргін құрбандары әлі де толықтай зерттелмеді. Дегенмен, толық ақталу үшін уақыт қажет. Айтуынша, тарих асығыстықты көтермейді.
«Бүгінгі күні тарихшылар саяси қуғын-сүргін құрбандарының ақталмай қалған деректер қорын жасаумен
айналысуда. Құжаттарды зерделегеннен кейін ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырағандардың толық бейнесін қалпына келтіреді және саяси қуғын-сүргін құрбандарының қазақстандық бірыңғай республикалық деректер базасы құрылады деп сенеміз. Ребалитация ақтау шаралары тез жүргізе салатын бір реттік процесс емес. Мұндай материалдарды дайындау үшін белгілі бір уақыт қажет. Жалпы, соңғы 80 жылдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау процесін 5 кезеңге бөліп көрсетуге болады:
Новости по теме
- Реаблитация кезеңі – 1953-1960 жылдар;
- Реаблитацияның екінші кезеңі – 1989-1990 жылдар;
- үшінші кезең – 1993-1998 жылдар;
- төртінші кезең – 2000-2014 жылдар;
- бесінші кезең – 2020 жылдан бастап.
Дана Нұрмұханбет
”Адырна” ұлттық порталы