Желіде Төреғали Төреәліні төрт полицейдің күшпен ұстаған видеосы тарады (ВИДЕО)

5237
Adyrna.kz Telegram

Желіде әнші Төреғали Төреәліні полицейлердің ұстаған видеосы тарады, деп жазады "Адырна". 

Іnstagram-да тараған ақпаратқа сүйенсек, өнер иесі Алматыда Майлин көшесінде ұсталған. Ол рөлге ішіп алып отырған деседі. Полицей қызметкерлерінің тоқтатуына көнбеген әртісті, күшпен ұстауға мәжбүр болған.

"Нақтыланбаған дерек бойынша Майлин көшесінде ВАЗ айналма жолына жетпей Төреғали Төреәлі ұсталды", - делінген әлеуметтік Желіде тараған видеода.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады.

"️Алматы қалалық ПД 14 маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлайды.

Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды.

ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады" делінді хабарламада.

Айта кетейік, құжат бойынша Төреғали Төреәлінің тегі -  Алиханов.

Пікірлер