Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған. Шыңжаң қазағы Қайрат Ерлібек Түркияға кетті

2658
Adyrna.kz Telegram

Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмаған Шыңжаң қазағы Қайрат Ерлібек Түркия аумағына өтті. Бұл туралы құқық қорғаушы, "Халықаралық құқықтық бастама" ұйымының жетекшісі Айна Шорманбаева Facebook  парақшасына жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға ұшып барған Қайрат Ерлібек өзін әуежайдан әрі қарай өткізбей тұрғанын хабарлап, көмек сұраған еді.

Кешеден бері мен Шыңжаңдағы этникалық қазақ Қайрат Ерлібекті Түркиядан депортациялауға жол бермеу үшін шұғыл іспен айналысып жатырмын. Ол кеше Ыстамбұлға ұшып кеткен, бірақ елге кіргізбей, Алматыға қайтару туралы хабарлама берген.

Қайраттың төлқұжаты жоқ, жол жүру құжаты ғана бар. Шыңжаңдағы көп қазақтар мен ұйғырлар сияқты ол да халықаралық қорғауға ие болады деп үміттенеміз. Енді жақсы жаңалық алдық – ол Түркияға жіберілді! Бұл БҰҰ-дағы әріптестер мен дипломатиялық миссиялардың көмегімен болды. Қайраттың депортацияланбауына көмектескендердің барлығына мың алғыс. Біз оның ісімен жұмысты жалғастырамыз, - деп жазды Айна Шорманбаева.

Пікірлер