Атырауда «Дина» базары өртенді

2493
Adyrna.kz Telegram
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Атырауда «Дина» базары өртеніп жатыр. Өрт сағат 13:00 шамасында шыққан. Бұл туралы Ақ Жайық сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға орнындағы куәгерлердің айтуынша, түтін пайда болғаннан кейін ғимараттың төбесі санаулы минуттарда жанып кеткен.

Тауарларын сақтап қалғысы келген сатушылар түтеген бөлмеге қайта-қайта жүгіріп кіріп, беттерін кез келген шүберекпен жауып, өрт сөндірушілерге кедергі келтірді. Олардың кейбірін полицейлер кіре беріс есіктен сүйреп шығаруға мәжбүр болды. Полиция патрульдері жолды жауып тастады, бірақ өртеніп жатқан ғимаратқа жақын жерде жүк көліктері мен тоқтап тұрған көліктер өрт сөндіру жұмыстарын қиындата түсті. Үлкен қиындықпен олар өрттің бетін қайтара алды, деп жазады басылым.

Пікірлер