“Қан төгілетінін түсініп, кері қайттық”. Желіде “Пригожиннің аудиосы” тарауда

7414
Adyrna.kz Telegram

Телеграм каналдарда "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожинге тиесілі делінген аудиожазба жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аудиода Пригожин делінген адам Мәскеуге жетпей, кері қайтатынын хабарлаған.

Біз колонналарды айналдырып, кері қайтамыз. Олар «Вагнерді” таратқысы келді, біз 23 маусымда әділет маршына шықтық. Күндіз Мәскеуге дейін 200 километр жете алмадық. Осы уақыт ішінде жауынгерлеріміздің бір тамшы қанын төккен жоқпыз. Қазір қан төгуге болатын сәт. Бірақ, бір жағына орыс қаны төгілетініне бар жауапкершілікті түсініп, колонналарымызды кері айналдырып, жоспар бойынша дала қостарына қарама-қарсы бағытқа шығамыз, - деді аудиода “Пригожин”.

Еске салсақ, 24 маусымға қараған түні Евгений Пригожин Ресей қорғаныс министрлігін соққы берді деп айыптап, қарулы қақтығыс басталғанын мәлімдеген. Кейінірек Евгений Пригожинге қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кейін Путин әскери бүлікшілерді сатқын деп айыптады.

Ал Пригожиннің даусына ұқсас адам аудио-жазбада “қан төгілмегенін” айтқанымен, бұдан алдын осы топтың ресейлік тікұшақты атып түсіргені хабарланған еді.

Пікірлер