Қарағанды ​​облысында өзен жағасынан жүзге жуық киіктің өлексесі табылды. Министрлік түсініктеме берді

1852
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды ​​облысындағы Құлан өзенінің бойынан 86 киіктің өлексесі табылды, деп хабарлайды "Адырна".

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"26 ​​маусымында Қарағанды ​​облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерінің, сондай-ақ Нұра ауданы бойынша табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерінің қатысуымен өткен бірлескен рейді барысында,  Құлан өзенінен 86 киіктің өлексі табылды", - делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, киіктердің өлексесінде ыдырау белгілері бар, сондықтан олардың жынысын анықтау мүмкін болмаған. Бұл ретте жануарлар терісінің жоғарғы қабатында оқ пен тесілген жердің іздері табылмаған.

"Өлген киіктердің өлекселері судан алынып, арнайы полигонға жеткізіліп, жойылды. Киіктердің жаппай қырылуына өзеннен өту кезінде суға батып кету себеп болған", - делінген экология министрлігінің хабарламасында.

Пікірлер